«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің үйім – менің туған өлкем» қашықтан өткізілген суреттер конкурсы

14.04.2020
Аздап тарихқа үңілейік…
Атбасар  картада тұңғыш рет 1830-жылдары   № 96 шекаралық бекет ретінде пайда болған. Ол  Орта Азиядан  Петропавл мен  Омбыға өтетін  сауда керуендерін  күзеткен.  Атбасар Орта Азиядан  Европаға баратын креуен жолының ортасында орналасқан.  Бұл кең даланың төсіндегі шағын қала өзінің  жәрмеңкесімен атақты  болған, бұл жерге табын-табын мал  әкелінген, соның басым көпшілігін   көптеген жылқы үйірлері құраған. Қазақстардың жылқы үйірлерінде мыңдаған бас болған. Көшпенді халық арасында құйрық майының  емдік қасиеті болған жүздеген  қазақы  қойлар да танымал болған. «Түпкілікті  тұрғындардың қара малы етке жақсы, сүтті, ең бастысы күй талғамайды», - деген екен саяхатшылар. Мәскеу  мануфактуралық  фабриканттары, ташкент және  татар көпестері көптеген шығыс тауарларымен келетін  сауда жәрмеңкесі жылына үш рет өткізілген. Аталмыш жәрмеңкелер жергілікті халықтың  тауар сатып алып және айырбастап алумен қатар, мәдени мұралармен  алмасуымен   құнды болған. Жәрмеңке кезінде атақты ақындар, сал-серілер, халық әншілері,  музыканттары, мысалы, Ақан-сері мен   Мәди, атақты қара күш иелері болған Қажымұкан, Балуан Шолакқ және т.б. ел алдында өнер көрсеткен
14 сәуір күні бастауыш сыныптар атпалығының шеңберінде  2-ші сынып оқушыларының арасында Атбасар қаласының  175 жылдық мерейтойына арналған  «Мой дом - мой край родной» қашықтағы суреттер конкурсы өткізілді. Оқушылар конкурсқа қызыға, белсенді қатысты. өз суреттерінде олар туған өлкесіне, сүйікті  қаласына деген сүйіспеншіліктерін суреттеуге тырысты. 
Жыл артынан жыл, ғасыр артынан ғасыр білінбей жылжып өтуде, ал  кең даланың бауырындағы  біздің  Атбасар атты жас қаламыз  «өткен уақыт сұлулығын» өз жадында мәңгі сақтап қалады.  
 
 
Нурмагамбетова И.Г.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст