«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ертегілерге саяхат» тіл дамыту бойынша ашық сабақ

15.02.2024

13 ақпан күні 0-ші сыныпта «Ертегілерге саяхат» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында сабақты өткізуге қолайлы жағдай жасалды. Алғашқы минуттан бастап балалар ертегідей саяхатқа шықты. Балалар топпен жұмыс
жасап, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, дұрыс шешімді шебер тапты. Балалар ертегілерді қайталауда жоғары эмоционалдылық танытты, сонымен қатар олар ертегі кейіпкерлерін ынтамен салды. Сабақта : ауызша, көрнекілік, ойын (сайыс) әдістері қолданылды. Жобаны құруға және оны қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Сабақта әр түрлі іс- әрекеттер, сондай-ақ әртүрлі типтегі тапсырмалар қолданылғаны маңызды.
«Топтық жұмыс» кезеңі қызықты әрі тартысты өтті. Сабақ тығыздығы жоғары болғанымен, іс-әрекеттердің үнемі ауысып отыруына байланысты балалар шаршаған жоқ. Сабақтың құрылымы анық және сабақтың түрі мен мақсатына сәйкес болды. Әр кезеңде шағын қорытынды жасалды. Бір кезеңнен екінші кезеңге жайлап өтіп, сәтті жұмыс
жасады. Оқушылар иллюстрациямен жұмыс жасауды, тақтада жұмыс жасауды меңгергендіктерін көрсетті.Сабақ бойы белсенділік танытты.Олар өнімді жұмыс істей білу,бақылау,қорытынды жасай білу,білімдерін
талдау,жалпылау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар өзін-өзі бақылау дағдыларының бар екенін көрсетті. Сабақ соңында балалар жиналғандар алдында саусақ қуыршақтары арқылы ертегі сахналап, өнер
көрсетті.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст