15.04.2020
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы жақындап келеді. Жеңіске жету жолында сұралыл, сұм соғыстың - 1418 күні мен түнін бастан өткеруге тура келді.х Халық өз басынан қайғы, қасірет пен зұлымдықтың түр-түрін өткізді. Жеңіс жолындағы қиын-қыстау жолды немен салыстыруға болады? Қайғымен, ұрыспен, соғыспен, ерлікпен, күйзелумен, табандылыққа толы күндермен… бұның бәрі біздің қалыпты жағдайға айналған бейбіит өміріміздің дүниежүзілік тарихына және Даңқ ескерткіштері мен мемориалдарының қола тастарында мәңгі өшпестей жазылды.
Ұлы Отан соғысы туралы кинофильмдер мен шығармалардан біз сол кездегі халықтың бастан өткерген қиыншылықтары, ерліктері мен соғыс жағдайындағы аса қиын тұрмыс жағдайлары туралы білеміз. Бұны естен шығармау керек, Жеңістің қаншалықты қиын жағдайда келгенін ұмытпауымыз керек. жылдар өтеді, ардагерлер ортамыздан кетеді, бірақ соғыстың қалдырған табы мен естелігін адамдардың ойынан өшіріп тастауға болмайды. Жеңіс адамдарға асқан қиындықпен келді. Қаншама жылдар өтсе де соғыс өртіне оранған қалалар мен селолар, соғыс кезінде өздерінің ерен еңбектерімен күн сайын Жеңісті жақындата түскен тылдағы еңбеккерлер, ең бастысы Ұлы Отан соғысының қан майданынынан оралмай құрбан болған – миллиондаған адамдардың өмірі туралы ұмытуға болмайды…
15 сәуір күні бастауыш сыныптар онкүндігі шеңберінде 3ші сыныптардың арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған қашықтағы сынып сағаты өтті.
Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларының ерлігін халықтың жадында сақтау және осы өшпес ерлікті Республикамыз бойынша ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге үндеген бейне фильм түсірді.
Гемальская Ю.А.