17.04.2020
Атбасар қаласының 175 жылдық мерейтойына орайластырылған мектептің «Сүйікті қала» бағытындағы тәрбиелік жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Атбасар қаласының №1 орта мектебі» КММ 10 сыныбында:
"Под куполом материнской земли" атты қашықтағы сыныптан тыс шара өткізілді. Біз қашан да аны қадірлеген, туылған күннен бастап анаға мейірім, құрметпен қараймыз. Баланың айналасындағы үлкендердің қарым-қатынасы негізінде баланың бойында туылған сәттен бастап Жер анаға, оның мәдениеті мен табиғатына деген сүйіспеншілік қатынастар қалыптасады. Сондықтан да , "Под куполом материнской земли" айдарындағы шара Отанының азаматтары мен патриоттарын тәрбиелеуді көздеді. Шараның басында орындалған, 1965 жылы жазылған "Атбасар - милый городок" әнін естігенде оқушыларды таңдандырды. Аталмыш шараға әр қатысушы Атбасар қаласының тарихы беттерінен танымдық ақпараттар жинап дайындалды. Бәрі Жібек жолымен жүрген сауда керуендерін, көпестердің үйлерін, Кеңес үкіметінің орнауы, соғыс жылдары, тың игерудің дабылды жылдары, қаланың заманауи тарихы бойынша материалдарды қызыға ұсынды. Қала өмірі туралы бай панорама патриотизмді, еңбексүйгіштікті, туған өлкесіндегі халықтардың бірлігі мен қарапайымдылығы нышанын көрсетті. Бұл бағытта жұмыстарды жалғастыру керектігіне дау жоқ, оқушылар әлі де көптеген фактілер мен оқиғаларды білуі тиіс. Шара соңында Атбасар туралы бейнефильм көрсетілді.
Жер ананың күмбезі астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үшін туған өлкеңнің тарихын және халқыңның ұлылығын міндетті түрде мақтан етуге тиістісің. Бұл сүйіспеншілік пен құрмет, мақтаныш патриотизм көзіне айналып, Мәңгілік Ел игілігі үшін бастамашылыққа жетелейді!
Токтарова Г.К.