17.04.2020
Қашықтан оқытудың: білімдік платформалар, электрондық пошта, әлеуметтік желілер, бейнеконференция жүйелері тәрізді әр түрлі құралдарын жеке түрінде және басқа да құралдармен бірлестіріп те қолдануға болады. «№1ОМ» КММ педагогтары өз қызметтерінде ұсынылған интернет-платформаларды қолданады. Мектеп оқушылары және студенттермен орыс тілі мен әдебиетін қашықтан оқытуды іске асыру үшін Bilimland.kz. поатформасы пайдаланылады. «Online Mektep» бөлімінде түрлі тақырыптарға бейнесабақтар жарияланады. Әр сабақ теориялық бөлімнен ғана емес, белгілі брі уақытта орындауға тиіс болатын болатын тәжірибелік тапсырмалардан да құралады. Сабақтарда мәтіндік және графикалық, аудио-бейне ақпараттар қолданылады. Интернет желісінің ресурстары мектеп оқушыларына иллюстративтік және ақпараттық материалдарды ұсынады. Тақырыпты үйрену кезінде білім алушылардың қосымша материал ретінде: http://interneturok.ru., http://www.literaturus.ru, Урок в формате А4 білімдік порталдарын пайдалану мүмкіндіктері бар.
Бұл ресурстарда оқушылардың мығым білім алуа сенімді серігі бола алатын жинақталған көптеген бейне, аудио және иллюстрациялық материалдар бар.
Қашықтан оқыту білім алушының ерекшелігші мен қабілеттерін ескере отырып оның жеке траекториясын құру мүмкіндігін береді. Қашықтан оқыту түрлері жеке және топтық жұмыстарды, танымдық және шығармашылық қызметтерді өткізу мүмкіндігін ұсынады. Қашықтан оқыту форматындағы жұмыс кезінде оқыту құралдарын кіріктіру білімдік үдеріс тиімділігін арттырады.
Щербак А.Н., орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі