17.04.2020
Сіздердің назарларыңызға Атбасар қаласының 175 жылдық мерейтойына арналған: «Родной наш город Атбасар в истории, поэзии и прозе запечатлён» виртуал кітап көрмесін ұсынып отырмыз. Рухани Жаңғыру, тарихымен танысатын болады.
Салиқалы сөздің ұлы шебері Ілияс Есенберлин мен біздің жерлес-жазушылар біздің қаламызды таныстырып, оның көп ғасырлы, керемет тарихы туралы әңгімелейді. І.Есенберлиннің 1956 жылы шыққан Алма-Аты баспасынан «Адам туралы ән» кітабында Атбасар сүйікті қала ретінде сипатталған. Сонымен қатар, туған қалаға деген патриоттық сезімді С.Омаровтың шығармаларынан байқаймыз. Қасым Таукеновтың «Атбасар -аулым мекенім» кітабында кең –байтақ туған өлке, тың эпопеясы жайлы жазылған.
Атбасар қаласының Құрметті азаматы Клара Амированың «Атамекен» кітабынан туған өлке тарихы туралы кең мағлұматтар берілген
Л.Седельниковтың, А. Кулевтың кітаптарында атбасарлықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, майдандағы ерліктері мен тылдағы еңбек жанкештілігі жайлы айтылған.
Біздің көрмеде ұсынылған: «Ел мен жер» және "Атбасар и атбасарцы" альманахтарында заманауи Атбасар туралы, бәріміздің сүйікті баспамыз «Простор» аудандық газетінде еңбектегі жетістіктер, жақсы жандар туралы айтылады.
«Родной наш город Атбасар в истории, поэзии и прозе запечатлён» айдарындағы кітап көрмесі туған жерге сүйіспеншікке тәрбиелейді және туған қаланың тарихын білуді насихаттайды.
https://www.facebook.com/2244414435814488/posts/2597765210479407/