«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықта өткізілген сынып сағаты

18.04.2020
      Қазіргі таңда барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқуға көшті. 
      Әр жаңашылдық өзінің қиындығын алып келеді, сондықтан  барлық ұстаздарда алдағы тоқсан басталғанда сабақты қалай өткіземін деген толғаныс болды. Ұйымшылдықпен, үлкен құлшыныспен кіріскен іс қашанда өзінің нәтижесін көрсетеді, сондықтан , қазіргі таңда қашықтан оқыту «Zoom» бағдарламасы, күнделік кз жүйесі және «WhatsApp» желісі интернет-технологиялар арнаулы құралдары арқылы іске асырылуда.
       14 сәуір күні 6 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі «Терроризм и общество» атты сынып сағатын өткізді. Балалар мен мұғалім «Zoom» арқылы қарым-қатынаста болды.
       Сынып сағатының мақсаты:
 А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Балаларға бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
      Мұғалім балаларға терроризм не екендігі туралы және бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болатынын түсіндіргеннен кейін, оқушылар арасында «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» пікірталас өткізілді.
Балалар «Бұл іске қандай адамдар барады?», «Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?» деген сұрақтарға өз ойларын айтты.
 Сынып сағатының соңында, балалар «Біз терроризмге қарсымыз» деген тақырыпқа байланысты сурет салып, экран желісінде көрсетті.
     Қашықтықта өткізілген сынып сағаты қызықты және әсерлі болды.
 
Кайрбекова К.
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст