21.04.2020
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр адамның жеке және қоршаған ортаның қауіпсіздігі. Балалардың, үлкендердің өмірі мен денсаулығы жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетіне байланысты.
21 сәуір күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Правила дорожного движения» атты онлайн көрме өткізілді. Көрмені өткізу мақсаты: балалардың жол қозғалысы ережелері туралы түсініктерін кеңейту, жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау болды. Оқушылар өз жұмыстарында жол қозғалысы ережелерімен байланысты көп кездесетін сәттерді суреттер, осы бағыттағы өздерінің білімдерін жан-жақты көрсетті. Керемет тартымды суреттер онлайн көрменің көркіне айналды.
Белсенді қатысқандардың бәріне рахмет!