23.04.2020
Жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшумен әр педагог оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін қажетті ыңғайлы тәсілдерді таңдады.
Біздің мектептің мұғалімдері, ата – аналары және оқушылары WhatsApp мессенджері, Kundelik электрондық журналы, Bilimland білім беру сайты сияқты интернет-платформалар арқылы байланыс жасайды. Сонымен қатар, оқушылар ЕлАрна және Балапан телеарналарын қызыға қарап, олар үшін арнайы телехабарлар ұйымдастырады. Қазір оқушылардың барлығы өздігінен жұмыс істеп жатыр. Оқушылар бейнесабақтар көріп, мұғалімдер жіберген конспектілерді қарайды. Оқушыларға оқу керек материалдар түсінікті және қол жетімді болуы үшін мен география мұғалімі ретінде оқушылардың оңай игеретін ақпаратты таңдауға тырысамын. Қашықтықтан оқыту кезінде өз жұмысыма презентацияларға, бейнероликтерге, картиналарға сілтемелер беріп отырмын, олар өздеріне қажетті тақырыпты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Әрбір педагог қашықтан оқыту үдерісін оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге күш салатындай ұйымдастыруға тырысады. Жаңа білімді өз бетінше ала білу болашақта әр түрлі қызықты бағыттарда оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
География мұғалімі К. Зинченко