28.04.2020
28 сәуір күні бастауыш сынып оқушылары арасында "Халықтар бірлігі күніне" арналған онлайн сурет көрмесі өтті.
Көрмені өткізудің мақсаты: біздің көпұлтты республикамызда тұратын халықтардың бірлігі туралы балалардың түсініктерін кеңейту,балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру.;
- балаларды бір-біріне көмектесуге, құрметтеуге және бір-бірін бағалауға баулу;
-адамдар арасындағы сыйластық, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
-Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу: оның табиғатына, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына тәрбиелеу.
Оқушылар өз жұмыстарында достық қарым-қатынастармен байланысты ең кең таралған жағдайларды көрсетті, Отанға деген сүйіспеншілігін сурет арқылы көрсетті, осы тақырып бойынша өз білімдерін және түсініктерін көрсетті. Әр түрлі-түсті және мазмұнды суреттер онлайн көрмені безендірді.
Белсенді қатысқан баршаңызға рахмет!
Т. В. Ларионова