Текст
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында 14 наурызда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Туберкулез-қауіпті ауру" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. "Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ бөлім басшысы Н.Е. Дауылбаева оқушыларды туберкулездің даму себептері, оның асқынулары және алдын алу шаралары туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында оқушылардың назарына аурудың жеке және қоғамдық алдын алу шаралары және медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажеттілігі туралы мазмұнды бейнеролик ұсынылды.