Текст
Қашықтан оқыту - бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы бір - бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үдерісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде әртүрлі әдістерді пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық әдістерін меңгеру мұғалімнің орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа әдістерді меңгеруіне мүмкіндік береді.
Бегалина Р.Б.