11.05.2020
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі мәселелері:
-оқуды жекелеу;
-оқуға ақпараттық технологияларды енгізу;
-оқу тиімділігін (сапасын) жоғарылату;
-дәстүрлі оқу нысаны қол жетімсіз болып табылатын тұлғаларға білім беру қызметін ұсыну.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын жүйе:
• Компьютер
• Хрестоматия
• Видеотаспа
• Аудиотаспа
Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.
Жакупова М.И.