12.05.2020 ж. "Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі" КММ оқушылары үшін "Отбасы сағаты" тақырыбында бірыңғай қашықтық сынып сағаты өтті.Оқушылардың бойында аға ұрпаққа деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасы мүшелеріне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету. Оқушыларға отбасы туралы танымдық тапсырмалар әзірленген слайд презентациялар ұсынылды. Оқушылар"отбасы" тақырыбын сипаттайтын сөздерді белсенді атады. Мақал-мәтелдердің екінші жартысын тауып, жақын және алыс туыстарын атай отырып, дұрыс анықтамалар таңдап, адамға қандай дұрыс қылықтар тән екендігі туралы отбасылық жағдайларды талқылады. Көптеген оқушылар өздерінің отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге өз отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелейтін тамаша бейнероликтер жасады. Сынып сағатының соңында оқушыларға отбасы өмірінің өсиеттері туралы, өз отбасының абыройын қалай сақтау, оны сүю және ол үшін бар игілікті жасау туралы материалдар көрсетілді.
Нурманова А.Н.