Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысы мектептерінің педагогтары мен ата-аналарына арналған "ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында оқыту семинарларының сериясы аясында педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әдіскерлерге, ата-аналарға арналған онлайн-семинар өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы және Көкшетау қаласы № 19 ЖББМ Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталығы болып табылады. "Педагог-психологтардың ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық қолдауы" онлайн-семинарының мақсаты: білім беру ұйымдарының жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жәрдемдесу. Семинар барысында спикерлер іс-шараға қатысушыларға ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтып берді. Атбасар ауданынан семинарға "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ педагог-психологы Г. Е. Дауренбекова қатысты.