9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында соғыс жылдарындағы оқиғалар қысқаша баяндалды. Ұлы Жеңіске қандай күш-жігермен жеткенін еске түсірдік. Тыл еңбеккерлерінің зор рөлі мен соғыс балаларының тағдыры да есте алынды. Жеңіс жолында құрбан болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.Жеңіс күні - еліміздің барлық азаматтары үшін маңызды және айтулы мереке, өйткені әрбір отбасы дерлік фашистік басқыншыларды жеңуге үлес қосқан ата-бабаларын еске алады. Бұл оқиғаны еске алып, халқының болашағы үшін аянбай күрескендерге деген құрмет халқымыздың жүрегінде сақталған.
«Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ мұғалімдері мен оқушылары қаза тапқан жауынгерлер ескерткішінде салтанатты жиынға қатысты. мақсаты - бейбіт және тыныш уақыт үшін еске алу және алғыс білдіру.
Ұрпақтарымыздың аспаны тыныш болсын, жүрегіміз Отан жүрегі деп соға берсін, біздің балаларымыз бен немерелеріміз халқымыздың қайсарлығы мен батылдығын еске алып, батырларының ерліктерін мақтан тұтсын. !