Мектеп Одиссеясының ашылуы Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Балалар мен білім мерекесі гүлденген елдің бейбіт аспаны тәрізді ерекше салтанатты. Мектеп Одиссеясының салтанатты ашылуы әлемді көру және беймәлім сырды білу үшін таңғажайып саяхатқа аттанған антикалық Одиссея кейіпкерінің кемесі туралы аңыздардан басталды. 21 ғасырда, білім интеграциясының арқасында адам өз елінде ең үздік білім ала алады. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша бірінші сабақта мектеп Одиссеясының қатысушылары мәтін, байланыс түрлері , типтері туралы өз білімдерін кеңейтті. Сабақтың рефлексиясы " Зачем нужны знания по русскому языку и литературе? атты эссе жазумен аяқталды. Мазмұнды жұмыстар мектеп Одиссеясының сабағының нәтижелі және қызықты өткенін дәлелдеді.
Токтарова Г. К.