Текст
2-маусымда линвистикалық ауысым тобында оқушыларға қазақтың балалар «Қошақаным қайда екен?»әнін үйренді.Бұл ән балаларға әуенімен де,сөзімен де жеңіл тиіп,баурап алды.Олар 3 топқа бөлініп,мынандай сұрақтарға жауап берді.
1-топқа: Жылқы (не істейді?) ....
(құлындайды, кісінейді)
2-топқа: Түйе (не істейді?)
(боталайды, боздайды)
3-топқа: Сиыр не істейді?....
(бұзаулайды, мөңірейді)
Сұрақтарға өте жақсы жауап беріп,ынталанып отырды.Өлеңді бірнеше рет қайталап, өлеңді тез жаттап алды.
Балалар көп рахмет айтып, қуаныштарымен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исина Г. Р.