«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалғаулық шылаулар

09.06.2020
Бүгін лингвистикалық топта «Жалғаулық шылаулар» туралы сабақ өтті. Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Мысалдар: Санжар мен Айсана бір сыныпта оқиды. Мен сәрсенбі немесе бейсенбі күні жолға шығатын шығармын.Бұл қойылым маған да, анама да өте үлкен әсер қалдырды.
  Балалар өздері мысалдар келтіріп,сабақты бекітті. Жоғары сыныптарда бұл жалғаулықтардың көп кездесіп,сөйлем талдауда керек екеніне мұғалім аса мән берді.
                          
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исина Гүлназ Рысбайқызы
 
 
 
 
Просмотров: 3577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст