10.06.2020
Бүгін балалар виртуалды түрде мұражайға саяхат жасады. Оның түрлері, топтары мен бағыттарына тоқталдық.Атбасар қаласында тарихи-өлкетану және І.Есенберлин атындағы мұражай бар.Қаламыздың биыл 175 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр. Тарихи-өлкетану мұражайы 2 қабатты ғимараттан 12 залдан тұрады. Экспозицияның бірнеше бөлімінде өлкенің табиғаты туралы мәлімдейді. Өлкемізде мекен еткен алғашқы қоғамның тарихына музей экспозициясында үлкен мән беріледі. Осы залда ауданымыздың археологиялық карталары, ежелгі адамдардың пайдаланған тастан жасалған құралдары, палеонтологиялық заттар көрсетіледі.
Экспозицияның негізгі орнын қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері, киіз үй жабдықтары алады.
Келесі музей экспозициясында қала тарихы залында Ресейден және Украинадан жер аударылып келгендердің қолданған заттары, Ұлы Отан соғысында қатысқан атбасарлықтар, Тың игерушілер туралы мәліметтер көрсетілген.
Нені білдік?, Нені үйрендік? Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай жаңалық алғандары туралы қысқаша тез-тез ой бөліседі.
Ұлы тарихи тұлғалар
Қазақтың тұрмыс-салт, қолөнері