Бүгін 2024 жылдың 24 мамырында "№1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де «Білімім– Отаныма!» атты жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысын шығару.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың ұстаздық еңбегіне деген құрметін, білім алуға құштарлығын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды, ол Қазақстан Республикасы Білім министрінің оқушыларға қазақстандық балалардың жетістіктері туралы бейнеролик көрсету арқылы құттықтау сөзімен жалғасын тапты.Әр оқушы оқудағы, спорттағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін марапатталды.
9 және 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» атты эссе жазды.Олар балалық шақтан тәуелсіз өмірге көшу, болашақтары туралы ойларын ортаға салып, мектепке деген алғыстарын білдірді.