15.06.2020
Бүгінгі лингвистикалық топтағы тақырыбымыз «Менің отбасым». Балаларға слайдтар көрсетіліп,отбасы құндылықтары,салт-дәстүрлері айтылды. Өз отбасы жайлы әңгімелеуді үйренді. Ата-аналары қандай қызмет атқаратынын, аға-әпкелері немен шұғылданатындарын, ат-әжелеріне қандай көмек көрсететіндері туралы әңгіме құрастырып, суреттер салды. Әркім өз отбасын қатты жақсы көретіндерін айтты. Қазақ тәрбиесіндегі үлкендердің рөліне ерекше мән берілгеніне тоқталдық. «Ата көрген-оқ жонар,ана көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер,анаға қарап қыз өсер» және т.б. мақалдар оқылып, оның мағынасы түсіндірілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы