15.06.2020
2020 жылдың 15 маусымында химия – биология мектебінде "Классиктер шығармаларындағы химиялық сюжеттер" тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту сабағы өтті. Егер өткенге жүгінсек, біз химия адамзаттың бүкіл тарихында романтикалық тақырып болғанын көреміз. Жюль Вернның «Таинственный остров» романынан үзінді қарастырылды. Химияның бұл ерекшелігі көптеген жазушылар мен ақындарды өз шығармаларына заттар мен оның айналыстары, салыстырулар, құбылыстар мен процестердің эмоционалдық сипаттамалары туралы ой толғаған бейнелерді қосуға шақырды. Осының бәрі туындыларды жарқын, бейнелі, әсем етті. Поэзия мен прозаның химиялануы химиялық тілді - химиялық элементтер мен заттардың, бірінші кезекте металдардың атауларын меңгеруден басталды.
Химия мұғалімі Каримова К. Е