16.06.2020
Шағын орталығы «Айналайын» 16 маусым күні «Су – тіршілік көзі» атты танымдық-зерттеу іс-әрекет өткізілді.
Тәрбиеші ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып балаларға су туралы білімдерін кеңейтті, судың қасиетімен таныстырды. Бүлдіршіндер «Бір тамшы» атты мультфильм мен өзеннің ластануы жайлы фильм көрді. Тәрбиеші суда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгімеледі. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек екенін түсіндірді.
Әрекет барысында балалар судың әртүрлі күйлері болатынын, тіпті адам денесінің жартысынан көбі судан тұратынын білді. Балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгерді. Сусыз тіршілік болмайтынын түсінді. . Әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды «Тамшылар», «Жер,су,ауа»,«Жел мен жаңбыр», «Батады ма батпайды ма?». «Көңілді көпіршіктер». Ойынға балалар қызығушылықпен қатысты.
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білген балалар, керемет әсер алды.Іс-шара мейірімді,қызықты өтті.
Тәрбиеші:Жакупова. А А. Дүйсенбі. Н