«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жануарлар әлемі

16.06.2020
Балалар жануарлар әлеміне саяхат жасады.олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік берілді.Үй және жабайы жануарлармен танысып,дыбысталуын қайталап,төлдерін үйренді.Қоршаған орта мен жануарларды сүюге, мейірімділікке ұмтылу керектігін айттық.
  Электронды оқулықты пайдалана отырып, ой өрісін, зейінін дамытып, табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге тырысты.Үнтаспадан жануарлар туралы түсінік алды.
   Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.
   Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп. Жануарлардың үй жануарлары және жабайы жануарлар болып екіге бөлінетінін (оларға қандай жануарлар жатқызылатынын ) меңгереді.
 Балалар допты бір - біріне лақтыру арқылы жануарлардың балаларын атайды.
Қоянның баласы - көжек,
Қасқырдың баласы - бөлтірік,
Аюдың баласы - қонжық
Жылқының баласы - құлын
Сиырдың баласы - бұзау
Қойдың баласы – қозы.
      Сабақ балалаларға қызықты болды.Көбісі мысық пен итті жақсы көретінін айтты.
 
  Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы
Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст