17.06.2020
Бүгінгі сабақ балаларға өте жақын, таныс,себебі олар өздерінің сүйікті істері туралы айтып, әңгімелей білді.Балалар сурет салғанды, ән шырқағанды, би билегенді, өлең оқығанды, бисермен әшекей жасауды, спортпен шұғылданғанды ұнататындарын айтып мәз-мейрам.Осындай талантты балалар көп болса екен деп ойлаймыз. Сүйікті еңбекпен айналысу өте маңызды.Өзің де, жаныңдағы да жарқырап жүреді.Содан кейін адам істеген сүйікті ісіне қанағаттанады ғой!Қолдағы икемділікті дамыту- баланың ой-өрісін кеңейтетінін педагогика әлдеқашан дәлелдеп келеді.Балаларға сәттілік өз істерін жалғастыра берсін деп тілеймін!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы