18.06.2020
Мектебіміздің жан-жағы өте әдемі.Жыл сайын гүлдер отырғызып, оларды баптап,суаратынбыз. Биылғы карантинге байланысты гүлдерге қарап жүрген мектеп жұмысшылары мен биолог. Біздің мектеп аумағы басқа мектептерге қарағанда үлкен, сондықтанда әдемі, әрі таза, ауасы да кең.
Табиғат - тіршілік көзі. Ең ұзақ өмір сүретін адамдар- табиғатпен тілдесе білгендер.К.А.Тимирязев: «Өсімдік жақсы өссе,адам да жақсы өмір сүреді»,- деген. Сондықтан табиғатқа келтірген зиян- өзімізге жасаған қастандық емес пе? Әр адам өз ауласын, айналасын таза ұстап, аптаса, экологияда тазарады.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы