«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ер - ел қорғаушы

22.06.2020
  Осы сөздң мағынасын қалай түсінеміз? Ер елі үшін туады,елі үшін өледі деп батыр бабаларымыз айтып кеткен. Тарихын терең бағалайтын, өз халқымыз-дың тарихын құрметтей келе келешек ұлдарымызды патриоттық сезімге баулу-әрбір ер азаматтың парызы. Қазіргі жастар өте бақытты өмір сүруде. Олар еліміздің тәуелсіздігін көріп, көк туы желбіреген кезде өмір сүріп отыр. Ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмар етіп сақтап келді. Олар- ел, жер, ана тілі. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуымен, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандарын есімімен  байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас. Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан-қырғынға, босқыннан-босқынға талай азапты көрді. Дегенмен «тәуелсіз»  деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін  талпынды, осы жолда күресті һәм шайқасты.
   Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күнінің 75 - жылдығын тойладық. Жеңіске  қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқияр-лығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік, тыныштық, келешегі-білімді ұрпақ.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік-кешегі қанға бөккен  боздақтардың рухы. Әрісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты еді.
                 Мен қазақтың ұлымын.
               Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
               Мне қазақпын,  тірегімін жерімнің.
               Ұланымын туын көкке көтерген.
               Болашаққа алға бастар жетелер,
               Қиындығын  қазағымның әрқашан.
               Қайыспайтын қара нардай көтетер.
               Көз тойғысыз қазағымның жері бар.
               Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
              Қазағымның жерін, елін қорғайтын 
              Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
              Қазақстан салтанаты жарасқан!
         Бір отбасы, бір туысқан, бір-біріне қарасқан!
         Қазақстан-бүгін, міне, достықтың туын тіккен жер.
         Мәуелі бақтай жемісін шашты ұлыстар, бір кісідей маңдай терін төккен жер.
 Біздің мектебіміздің әкелері де өз ұлдарының тәрбиесіне зор мән беріп келеді. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,-дегендей,ұлдарымыз-ұлысты, қыздарымыз-қылықты болса, елімізде көркейе береді емес пе? Өз елін, жерін, Отанын сүйетін бала ешқашан опасыз іс жасамайды, себебі оның жүрегі елім, жерім деп соғып тұр.Сондықтан сондай ұлдарымыз көп болсын дегім келеді. 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Исина Гүлназ Рысбайқызы
 
 
 
 
 
Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст