23.06.2020
Мамандардың айтуынша, үстел ойындарының тарихы кемінде 5500 жылды құрайды. Ең алғашқы үстел ойындары қазіргі Египет, Қытай және Үндістан жерінде пайда болған. Атап айтар болсақ, Ур, Сенет, Домино, Нарды және Шахмат ең көне ойындар түріне жатады.
Бүгін балалар үстел ойындарымен танысты. Бұл ойындар оқушының дамуы мен өсуінде шешуші рөл атқарады. Ол миды дамытудың маңызды аспектісі, өйткені логикалық, сыни ойлауды және ой өрісін кеңейтуге көмектеседі. Ойын ойнау оқыту, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларға көмектесе-ді. Ол сөйлеу және назар аудару дағдыларын жетілдіруге көмектеседі және баланы ұзақ уақыт бір арнаға шоғырландырып, көңіл аудартады. Бұл оқыту мен дамуды ынталандыратын керемет әлеуметтік қызмет. Бұл өз кезегінде, өзіңе деген сенім мен мотивацияны арттырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы