24.06.2020
1.Тақия тастамақ. Балалар дөңгелеп отырады да, бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып пйынды жалғастырады.
2. Қол күрес. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.
3. Хан талапай ойыны.Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.
21 асық аламыз. Ойынға 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.
4. Шеңберде асық ойнау.Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет -ретімен сосын ойнаймыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы