26.06.2020
Халықаралық Әкелер күні 1910 жылдан бастап әлемнің 80-нен астам елінде аталып өтіледі. Қазақстанда бұл күн ЮНИСЕФ бастамасымен 2019 жылдан бастап атап өтіледі. Дәстүрлі түрде Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады, биылғы жылы 21 маусымға келеді. "№1 орта мектебі "КММ-де халықаралық Әкелер күнін мерекелеуге байланысты қашықтықтан форматта бірқатар іс-шаралар өткізді, бейнероликтер, презентациялар дайындады, ZOOM бейнеконференция платформасында және "WhatsApp" мобильді қосымшасы арқылы онлайн-алаңдар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларда әкенің әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді. Әке болуға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруда отбасына ерекше рөл беріледі. Осы іс-шараға қатысушылар нақты әкенің қандай қасиеттерге ие болуы керек, ер адамның өз отбасы алдында қандай жауапкершілікте болуы керек деген пікір айтты.
Каспарова Е.А, "№1 орта мектебі" КММ әлеуметтік педагог»