30.06.2020
Бүгін, яғни 30 маусымда лингвистикалық ауысымда өз отбасын таныстыру болды.Балалар қызықты, қуанышты,әсерлі, жарыса отбасылары жайлы айтты. Мысалы:Отбасымызда ... адам бар. Олар: әжем мен атам , шешем, әкем, әпкем және мен.Менің әжем – дәрігер.Атам- зейнеткер. Анам – мұғалім. Әкем - «Сұлтан » фирмасында басшы болып жұмыс істейді. Әпкем – сатушы. Мен - оқушымын. Біздің отбасымыз тату және бақытты. Барлық мерекелерді бірге өткіземіз. Менің атым - Айнұр. Менің отабысымда менен басқа ағам және інім бар. Ағамның аты – Азамат, ол - студент. Інімнің аты – Дархан, ол балабақшаға барып жүр. Біз отбасымызда үшеуіміз тату өмір сүреміз. Үйдің шаруасын бөлісіп істейміз. Мен ағамнан үлгі алып, ініме ақыл айтып тұрамын. “Ағасы бардың -жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар”- деген сөздер мен туралы айтылған .
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Гүлназ Рысбайқызы