30.06.2020
30 маусым күні «Айналайын» шағын-орталығында «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» атты балаларға арналған іс-шара өтті. Бүлдіршіндер ойыншықтар әлеміне саяхатқа шықты. Тәрбиешілер балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстырды. Ойындар мен ойыншықтардың қауіпсіздігін түсіндірді. Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет етуге керек туралы әңгімеледі. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстырды. Ойыншықтар резинкадан, пласмастан,матадан, ағаштан құрылған төрт үстелге орналастырылды. Әр үстелге,ойыншыққа тәрбиешілер ерекше тоқталып түсінік берді. Пішіні қандай? Түсі қандай? Неден жасалған? Қасқырдын сұрақтарына балалар мүдірмей жауап берді. Түрлі ойыншықтарды көріп, балалар мәз болды. Ойыншықтар туралы тақпақтары айтылды. «Кір қуыршақ» әнін топ қыздары нақышына келтіріп орындап берді. Балалар өз сүйікті ойыншықтар туралы әңгімелеп , қызықты ойындар ойнады «Ойыншықтар дүкені», «Өз ойыңды тап».
Балалар, ойыншықпен дос болуға, ойыншықпен ұқыпты ойнауға, сындырмауға уәде беріп, көңілді тарасты. Ойын арқылы балалалрға ой салатын іс-шаралар біздің топта үнемі өтіп тұрады. Іс-шара мейірімді, қызықты өтті.
Тәрбиешілер: Дұйсенбі.Н.
Жакупова. А .А .