Бүгін 21 шілде 2020 жылы сабағым, қашықтық форматта өтті. Сабақта балалар «Ұлттық тағам» сыртқы әлемнен мысалдарын дербес ұсыну сұрадым. Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі. Үстел басындағы тәртіп ережесі туралы,балаларға қысқа мәлімет бердім.. Ең алдымен, қалай отырғаныңызға мән беріңіз. Арқаңыз тік болу керек. Сол үшін орындықтың шетіне отырыңыз. Шынтағыңызды бүгулі болсын. Қолды қайда қоярды білмеген жағдайда, тізеге қойған дұрыс. Бұл тамақ келгенше күтудің жақсы амалы. Егер қонақта болсаңыз, үй иесі тамақ ішуге ұсыныс айтқанша күтіңіз. Ал, кешіккен қонақтарды күту міндетті емес т.б.
Қазақ тілі мұғалімі Бакиянова К.К