Қазақ тілін үйренуге арналған лингвистикалық ауысым сабақтары қашықтық форматында жалғасады. Бүгін, 23 шілде, 2020 ж.Мен лингвистикалық ауысымның балалармен ұлттық ойындары туралы қазақ тілінде дұрыс түсінуге, көмек бердім. Балаларға слайд-презентация ұсынылды, онда балалар ұлттық ойындар туралы қызықты мәлімет алды деп ойлаймын. Рухани мәдениет дегеніміз ол сол ұлттың — тілі, діні, салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті және бұларды ұлттық мейрамдарда, ұлттық ойындарды көбірек көрсету арқылы дамытып, әрі қарай сақтауға болады, ұрпақтан ұрпаққа таратуға болады. Егер де қазақ халқының ұлттық ойындарына назар аударып көрсек, ол оның көшпенді мал шаруашылығымен айналысатынына және жазық, кең далада өмір сүретініне байланысты, соған лайықталынған ұлттық ойындар. Қазақ балалары ерте заманнан – ақ ,өмірде кездесетін түрлі заттарды өздеріне икемдеп, ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молайтып отырған. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Бакиянова К.К.