Қазақ тілін үйренуге арналған лингвистикалық ауысым сабақтары қашықтық форматында жалғасады. Бүгін, 24 шілде, 2020 ж.
Мен лингвистикалық ауысымның балалармен « Қазақ қозғалыс ойындары» туралы қазақ тілінде дұрыс түсінуге, көмек бердім. Балаларға слайд-презентация ұсынылды, онда балалар әртүрлі қозғалыс ойындар туралы қызықты мәлімет алды деп ойлаймын. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.Күн сайын пандемия кезінде балаларға денсаулықты және дене қабілеттерінің жоғары деңгейін сақтау үшін белсенді қимыл жасап, дамытатын және қозғалмалы ойындарды орындау қажет.
Бакиянова К.К.