«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лингвистикалық алаңының соңғы маусымы басталды

28.07.2020

Біздің  елімізде  қазақ  тілі – мемлекеттік   тіл. Мемлекеттік мəртебеге ие болған тіліміздің əлі де болса қоғамдық өмірімізде кең қанат жая алмай жатқаны бəрімізге белгілі. Сол себепті, мектептерде жаңа оқу жылына белсенді дайындық өтіп жатыр: қазақ тілін жетік меңгеру үшін  лингвистикалық ауысым ұйымдастырылған.Тілді үйрену сөйлесімнің барлық түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерінің негізінде жүзеге асырылуда. Оқушының  тілін дамыту  – қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе, сондықтан балалар үшін жыл сайын жазғы демалыс кезінде №1 орта мектебінде лингвистикалық орталық жұмыс жасауда.  Биыл сабақтар қашықтық форматында жүргізіліп жатыр. Оның басты мақсаты  – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметтеуге, Отанды сүюге баулу және жас  ұрпақты  ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүгін, 28 шілдеде лингвистикалық алаңының соңғы маусымы басталды. Балалар бір-бірін қуана қарсы алып, ZOOM платформасында жұмыс жасауды бастады. Халқымыз: «Не ексең, соны орасың» деп орынды айтқан, сондықтан балалардың мемлекеттік тілді сапалы, жүйелі, жете  меңгеруіне тілектеспін!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі 

Кайрбекова. Куляим. Даулетовна.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст