«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінен лингвистикалық алаңы қашықтық форматта жұмысын жалғастыруда

29.07.2020

Оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастырып,оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қазақ тілінен лингвистикалық алаңы қашықтық форматта жұмысын жалғастыруда.

«Қазақ тілі»  лингвистикалық алаңының мақсат-міндеттері:

  • Оқушылардың  қазақ  тіліне  деген  қызығушылықтарын көтеру;
  • Қазақ  тілінің  ұлттық  ерекшеліктерін ұғындырып,  қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу;
  • Қазақ тілінен алған білімдерін тереңдету, теорияны  практикада пайдалана алу дағдыларын дамыту;
  • Шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына  көмек  беру;
  • Жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға  жағдай жасау;
  • Демалыс кезінде мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем       жасай отырып, әрбір баланың шығармашылық, қызығушылық, белсенділігін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Балалар жазғы демалыс кезінде сабақтан тыс материалдарды қолданады; 

Жаңаша көңілмен демалады, өзіне күш жігер жинап, білімін арттырады;

 Басқа да балалармен қарым – қатынас жасайды, сыни ойлау қабілеті дамиды және  олардың жаңаша ақпаратпен  толықтыруына жағдай жасалады.

      Бүгін балалар «Қызықты  грамматика»  туралы жалпы түсінік алып, тараулар бойынша слайд жасап көрді. Жұмыс соңында «Қыдырып қайтайық» сергіту сәтін орындады.

      Бүгінгі күн қызықты да көңілді өтті.

Кайрбекова К.Д.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст