«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің тілім- мемлекеттік тіл

29.07.2020

Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің. 

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі! Оқушылардың ауызша үйлесімді сөйлеуін дамыту мақсатында 2020 жылдың 29 шілдесінде балаларға сөйлеу этикетін қалыптастыруға және сөздік қорын байытуға ықпал ететін «Менің тілім- мемлекеттік тіл» тақырыбына бейнеролик ұсынылды.Балаларға жазушы,ақындардың тіл туралы өлеңдерін дауыстап оқыдық.Содан кейін әңгіме « Ата заңы Конституция» деген тақырыпқа көңіл бөліп,балаларға қысқа мәлімет бердім.Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Біз, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтатамыз. биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.

 Бакиянова К.К.

Просмотров: 520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст