Текст
Қазақ тілі-өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер бар. Сөздер атқаратын қызметіне , мағынасына, сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді. Оларды сөз табы дейміз. Ал сөз табы деген не екен? Жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобы. Осының бәрін балалар бүгінгі лингвистикалық алаңында білді. Сабақ басында балалар «Мен қандаймын, ал сен қандайсың?» ойынын ойнап, бір-бірінің көңілін көтеріп алды. Бейнеролик көргеннен кейін балалар практикалық тапсырманы орындап,викториналық сұрақтарға жауап берді.Бүгінгі тақырыпты бекіту үшін балалар жаңылтпашты оқып, сөздердің қай сөз табына жататынын анықтады.Балалар бүгінгі тапсырмалардың өте ұнағанын айтып, ризашылығын білдірді.
Кайрбекова К.Д.