21 тамызда "Шебер қолдар" үйірмесінде "Қуыршақты киіндіреміз"тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: балаларды тігуге баулу, инемен және жіппен, матамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, еңбекқорлыққа, табандылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Сабақта балалар тігіс, мата түрлерін, тігу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске алды. Әрі қарай балалар киім қалай жасалатыны, тігумен байланысты қандай мамандықтар болатыны: дизайнер, модельер,тігінші, пішуші туралы бейнеролик көрді. Балалар киім жасау өте қажет және қызықты іс деп қорытындылады. Сабақтың практикалық бөлімінде оқушыларға киім дизайнері рөлінде өз күштерін сынап көру ұсынылды. Қуыршақ киімдерін ойлап табу және тігу тапсырмасы берілген. Балалар үлкен қызығушылықпен жұмысқа кірісті. Өнімдер әртүрлі және әдемі болды.
Бастауыш сынып мұғалімі Рыбинская М. П