Бүгін балалар үстел ойындарының түрлерімен, олардың атауы және ойын ережесімен танысты. Бұл ойындар балалардың дамуы мен өсуін және ойлау қабілетін жылдамдатып, логикалық, сыни ойлауды, ой өрісін кеңейтуге көмектеседі. Өзіне деген сенім мен мотивацияны арттырады әрі назар аудару дағдыларын жетілдіреді. Үстел ойындарының адам ағзасына да көп пайдасы бар: психикалық аурулардың қаупін азайтады, қан қысымын төмендетеді, стрессті азайтады. Сергіту сәтінде балалар "Рас па, өтірік пе?" ойынын ойнады. Әр ойыншы бір рас және бір ойдан құралған өткен тақырып бойынша ережені айтады. Ал өзге балалар қайсысы рас екенін табуы қерек. Үстел ойындары балаларға өте ұнады, әсіресе қазақтың тоғызқұмалақ ойыны.Бұл ойын терең ойды талап ететін, адамды тапқырлыққа үйрететін, ойнасаң қызығына тоймайтын ойын. Балалар «Тоғызқұмалақ» ойынын онлайн да ойнауға болатынын білді. Олар үлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытты.
Лингвистика алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.