«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Армансыз адам-қанатсыз құс...

27.02.2018

Жоспар:

1) Арман деген не?

2) Менің асқақ арманым...

3) Арманымның орындалуы өз қолымда!

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – өзіңмен бірге өседі, өркендейді. Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. «Қиялдай білмеген қырқадан аспайды» дейді дана халқымыз. Не бір қиялдарға беріліп болашағыңды киноның лентасындай көзіңе елестетіп көру деген ғажап емес пе!? Әрине, осы қиялың шындыққа айналу үшін біраз еңбектенуге тура келетіні рас. Бұл арман деген дүниені мақсатқа айналдыра білу керек. Армандай білу керек және армандау керек. Бірақ, арманның жетегіне еріп өмір сүру дұрыс емес. Сондықтанда арманыңды алдыңа қойған мақсатың ретінде қарау қажет. Ал, нені, қалай армандайсың? - ол адамның өзіне деген сеніміне байланысты. Асқақ арман деп, арасында орындалмас армандардарды да айтып қоямыз. Ал менің қазіргі балалық шағымның арманы - актер болу.

Бала кезімнен көп кітап оқып, шығармаларды мәнерлеп оқығанды ұнататынмын. Көк экраннан көптеген фильмдерді, спектакль, көріністерді көргенде тамсана тамашалап, солардан үлгі алатынмын. Қысқасын айтқанда актерларға қатты еліктеп, сол адамдар секілді болғым келетін. Жалпы актер болу үшін сен кейіпкердің орына өзіңді қоя білуің керек. Егер кейіпкер жыласа жылап, күлсе күліп, ашуланса ашулана алуың керек. Бақытыма орай бұл қасиеттер менің бойымнан оңай табылды. Кенеттен көңіл-күйді өзгерту менің бойымда бар қасиеттер еді.

Кейіннен мен бұл арманды мақсатыма айналдырдым. Алдыма мен актер боламын деген мақсат қойдым. Сондықтан да осы мамандыққа қатысты сабақтарды бар ниетіммен, шын көңіліммен оқып, ерекше назар аударатын болдым. Тіпті ғалатордан актерлік сабақтарды қарай бастадым. Яғни, сахна мәдениеті, эмоцияны қалай шығару керек жайлы көп іздедім. Тіпті ғаламтордан түсетін оқу орнымды да таңдап қойдым. Қысқасы, болашақ мамандығымды тұрақты түрде таңдым десемде болады. Міне, мен осылай арманымды мақсатыма айналдырдым. Бірде мен өзіме «бұл мамандықты не үшін таңдадым?» - деген сұрақ қойдым. Сұрағыма жауапты оңай таптым:

Қазіргі балалар тәрбиені ата-анадан емес виртуалды әлемнен алады. Ғаламтордан, теледидардан алады. Ал бұл сала қазіргі адамдарға тәрбие беріп, әдептілікке үйрететін сала. Егерде тәрбие спектакль, көрініс ойнасам, немесе фильмге түссем, адамдар сол көріністегі жаман кейіпкерден жиреніп, ал жақсы кейіпкерден үйренетін еді. Былайша айтқанда қазіргі адамдар ақ пен қараны ажыратып, жаман істермен айналыспас еді. Мысалға Баян батыр шығармасындағы Баянның образын алайық. Баян батыр ашуға беріліп өзінің інісі Ноянды өлтіріп алады. Мұны көрген көрермендер, ашуға берілмей ақылмен шешу керектігін түсініп, бұл шығармадан сабақ алады. Сол секілді менде адамдарға дұрыс жолды нұсқағым келеді.Сонымен қатар мен бұл мамандық арқылы танымал бола аламын. Егерде мені ата-анам теледидардан көретін болса, мақтан тұтып, ал іні-қарындастарым менен үлгі алатын еді. Сонымен қатар бұл сала үлкен жауапкершілікті, тәуекелді, батылдықты талап етеді. Актерлар кинодағы рөлдерде бастарын қауіпті эпизодтарға да тігіп жатады. Міне, осындай эпизодтар үшін осы қасиеттер өте қажет болады.

Менің басқа армандарыма тоқталатын болсақ, олар өте көп. Мен отбасымның мәңгілік бақытты өмірі туралы армандаймын. Келешекте білікті маман болғым келеді. Адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді. Жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын.

Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгілі, ісі де алға баспайды. Сондықтан, менің өмірлік ұстанымым «Тек қана алға!»

Просмотров: 3414

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст