2020 жылдың 12 қарашасында 2 "Д" сынып оқушылары үшін қашықтық форматта "Денсаулық –қандай тамаша сөз!"атты викторина өтті. Мақсаты: салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Оқушыларға "бақытты жағдай", "жазатайым оқиға", "Қаптағы мысық", "сұрақ – аукцион" және "өз ойын"сияқты тосын сұрақтар дайындалды. Олардың әрқайсысы қызықты сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты. Сондай-ақ балалар денсаулығына байланысты ребустарға, сөзжұмбақтарға және мақал-мәтелдерге дұрыс жауаптар берді. Олар жеке гигиена ережесін және дұрыс тамақтануды, күнделікті спорт пен жаттығуды, таза ауада серуендеуді еске алды. Біз адамның басты байлығы – денсаулықты сақтау қажет және маңызды деген қорытындыға келдік.
Балгожина Э.Ш.