Текст
Ағымдағы жылдың 09-21 қараша аралығында "Қызылжар Абай орта мектебі" Қоғамдық Қоры Ақмола облысының басқармасымен бірлесіп "Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу" бағдарламасы бойынша "Психологиялық-педагогикалық түзету"қашықтықтан оқыту курстарын өткізді. Бағдарламаның мақсаты: өсіп келе жатқан оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау жүйесін нығайту, өмірлік дағдыларды құру және дамыту. "Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 орта мектебі" КММ педагог – психологы Г.Е. Дауренбекова аталған курстан өтуге белсенді қатысты.