«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тілдік дағдыларды қалыптастыру

25.11.2020

Қазір кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, тілдік дағдының да сондай қажет екені жаңартылған оқу бағдарламасында нақты айтылған.Бұл- оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушылар кез келген ауызша не жазбаша мәтіндерді түсініп, сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі, басқалармен әртүрлі тақырып төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп, әртүрлі мақсатқа арналаған мазмұнды мәтін құра білуге дағдылануы керек. Бұл - оқушыларды заманауи тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап,пікірталасқа араласып, өзіндік көзқарасын білдіруіне түрткі болады. Сондықтан да қазақ тілі мен қазақ әдебитін оқи отырып, оқушылар негізгі төрт тілдік дағды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) бойынша түсініктері мен қабілеттерін кеңейтеді. «Осы тілдік дағдыларды сабақ үдерісінде қалайша жүзеге асырып, оқушы бойына қалай қалыптастыра аламын?» деген сұрақ әр мұғалімді мазалары сөзсіз. Сабақ үдерісінде оқушы қызығушылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді, жаңа технология түрлерін қолдану керек. Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым,оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға бағытталғандықтан, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткізуіміз қажет:

  • оқушылардың тілдік әрекетінің түрлері - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бірлікте қалыптасады;
  • оқушылардың есте сақтау, көру, сөйлеу, ойлау, жазу қабілеттері дамиды;
  • шағын әңгіме, мәтін, ертегіні өз бетімен аяқтай алады;
  • оқушылар арнау,құттықтау хат, жарнама, үндеу жаза алады;
  • оқушылар жеке және топта бірлесе жұмыс істеуге үйренеді;
  • коммуникативтік қарым-қатынас орната біледі;
  • әдеби тілдік нормалаларды меңгереді, түсінеді;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетінше ізденуге әрекет етеді.

Сабақ жоспарын құруда оқу мақсатын басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай құрған жөн.Тілдік дағдыларды тиімді әдістерді қолданып өткізген сабақ оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын оятады, берілген тапсырмаларды ұстазбен тығыз байланыста болып орындауларына септігін тигізеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Камисс М

 

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст