Әр баланың жүрегінде көзге көрінбейтін өзіндік пернелер болады,.
Егер сіз оларды шеберлікпен шерте білсеңіз, олар әдемі әуен шығарадыі.
В. А. Сухомлинский
2020 жылдың 11 желтоқсанында "Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 орта мектебі" КММ 8 "А" сынып оқушылары үшін "Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы"тақырыбында география пәні бойынша қашықтықтан ашық сабақ өтті. Сабақ мектепте география пән апталығы аясында өткізілді. Сабақ барысында оқушылар жаңа тақырыппен танысып, осы тақырып бойынша білімдерін көрсетті, түрлі тапсырмаларды орындады, қойылған барлық сұрақтарға сауатты жауап берді. Сабақ Padlet платформасында рефлексиямен аяқталды, оқушылар осы платформаға сілтеме бойынша өтіп, сабақта не білгендері және оларға не қызықтыратыны туралы өз пікірлерін қалдырды. Сабақтың қорытындысы бойынша оқушылардың басты мақсаты орындалды.