Желтоқсанның 9-нан бастап ел бойынша «Абайлаңыз, мұз жұқа!» акциясы басталды. Аталған шара мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған. Әрине, қырағылық бар жерде оқыс оқиға болмайды. Дей тұрғанмен, «Сақтықта қорлық жоқ» деген халық сөзін ұмытпаған абзал.
Есіл өзенінде қысқы балық аулау маусымының нағыз қызған шағы. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтер өткізіп жатыр. Құтқарушылар балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратады.Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқыс оқиғаның алдын алуға болады. Ал мұздың беріктігін таяқпен немесе 15-20 метрлік арқан арқылы тексеріп, бірнеше шұңқыр тесу қажет. Ол талап бойынша 10 сантиметрден аспау керек. Сондай-ақ, балық аулауға көп адаммен келсеңіз, міндетті түрде арақашықтықты сақтау қажет.
Мұздан өту кезінде тыйым салынады:
- қатпаған мұздың үстіне шықпаңыз;
- топ құрып, мұздың бір аумағында жиналмаңыздар;
- мұздың жарық жерлеріне жақындамаңыз;
- көлікпен жағадан алыс жерлерге бармаңыз;
- мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;
- мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер) шығуға тыйым салынады;
- мұзда шектеулі аймақта екіден артық ойық жасауға болмайды;
- мұздың үстінде от жақпаңыз.
9 «В»снып жетекшісі Исина Г.Р.