Текст
2021 жылғы 23 наурызда мектепалды сыныпта Zoom платформасында қашықтықтан форматта "Денсаулық еліне саяхат" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында балаларға осы тақырып бойынша презентация көрсетілді. Мақсаты: балаларда гигиеналық мінез-құлық тәртібін, дене тәрбиесінің мотивациялық саласын қалыптастыру; физикалық және психикалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ету.
Сабақтан кейін балалар күн тәртібін сақтау ережелері, шынықтыру рәсімдері және денсаулық қаншалықты маңызды екендігі туралы білім алды және бекітті.
Ш. З. Смадиярова