Текст
Бүгін, 10 тамыз күні, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін біз поэзия сагатын өткіздік. Балалар өздері білетін Абайдың өлеңдерін оқып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтерді. Сергіту сәтін өткізгеннен кейін «Мен ұнатқан жазушы, ақын» атты шағын шығарма жазып, Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін сүйіспеншілікпен оқығанын және нақыл сөздерін білетінін дәлелдеді. Абай- әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, сондықтан ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және дәріптеу- азаматтық парызымыз, -деген өзінің мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев.
Лингвистикалық алаңының жетекшісі
Қайрбекова К.Д.